13 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №596 

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қараша, Астана қаласы Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны бекітілсін. 2. Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр Б.СҰЛТАНОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы ________________ Д.АҚЫШЕВ 2015 жылғы 14 желтоқсан Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 596 бұйрығымен бекітілген Нысан Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары бойынша (корреспонденттіктерді қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтату туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімі 20 ___ жылғы «___»____________ № _______ (жазба күні) _____________________________________________________________________ (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, орналасқан орны, БСН) _______________________________________________________ ұсынылды. 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабына және ____ жылғы «___» _______ № _______ камералдық бақылау нәтижелері бойынша (хабарламаны табыс ету күні) анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға сәйкес ____________________________________________________________________ (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы, БСН), ____________________________________________________________________ (мемлекеттік аудит объектісіннің атауы, БСН/ЖСН, орналасқан орны) ___________________________________________________________________ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) _____________________________________________________________________ (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектісіннің кодтары мен шоттары, жеке сәйкестендіру коды) 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 бабы 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын, _____________________________________________________________________ (тоқтатыла тұрудың себебі) Мөр орны _____________________________________________________________________ (Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Осы өкім _____ жылғы «___» ______________ табыс етілді. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12606 болып енгізілді.